Приветствую Вас, Гость

Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні бірлестігінің мақсаты

1.Оқушылардың қазақ тілін білуге қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың ауызекі және жазба тілдерінің дамуына жағдай жасау;

 2.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын, даму кезендерін білетін,Отанын шексіз сүйетін, бәсекеге қабілетті елдің адал азаматы болатын, оның дамуына үлес қосатын отансүйгіш тұлға тәрбиелеу;

 3.Әлеуметтік және жеке мәдени құндылықтарды қалыптастыру;

 4.Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

 5. ҚР-ның «Білім туралы», «Тіл туралы» заңдарына, мемлекеттік стандарт талбына сәйкес білім беруде оқушыларға қазақ тілінің грамматикасын толық меңгертіп, сөздік қорларын байыта отырып, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, ізденімпаздыққа баулу;

 6. Түлектерді мәдени-ресми қатынасқа дайындау;

 7. Әр ұстаздың өз еңбегінде белгілі бір нәтижелерге жетуіне тырысуы;

Әдістемелік бірлестіктің міндеттері

  1. Ұстаздар ұжымының әдістемелік бірлестіктің мақсатын, негізгі бағыты мен міндеттерін айқындай отырып жұмыс істеуі
  1. ҚР Білім туралы заңын жүзеге асыру
  1. ҚР білім беру стандартына сәйкес білім беру
  1. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін ашу үшін жағдай жасау
  1. Әр тоқсанға, жартыжылдыққа жоспарланған бірлестік отырыстарында қорытынды жасап отыру
  1. Әр сабақтың түрлерінің құрылымын, қойылатын дидиктикалық талаптарды және оның дамытушылық мәнін талқылып отыру
  1. Ұстаздардың  өзіндік ізденісіне, теориялық методикалық тұрғыдан жетілуіне басты назар аудару
  1. Жас мұғалімдердің болашақ мамандығына қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық белсенділіктерін көтеруге, білімдерін тереңдетуге жағдай жасау
  1. Мектептегі және Қалалық білім беру бөлімінің әдіскерлерімен тығыз байланыста жұмыс істеу

   10. Әдіскерлік қорды молайтып отыру

Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері

-оқу-тәрбие әдістемесінің проблемалары бойынша педагогикалық тәжірибелер жүргізіп, оның нәтижесін оқу үрдісіне енгізу

 - оқу-әдістемелік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, шығармашылық есептер т.б

- оқу-тәрбие әдістемесінің  мәселелері бойынша әдістемелік кеңес отырысы

- пән бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар өткізу

- оқу-тәрбие әдістемесімен бірігіп психология, педагогика, мәселелері бойынша пікірталастар, баяндамалар, лекциялар

- пәндік және   әдістемелік апталықтар өткізу

 - өзара сабаққа қатысу

-сабақ беру сапасын бақылау

Әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі бағыттары

-          пән бойынша білім беру нәтижелерінін анализдеу

-          оқу жоспарынығы вариативті бөлігін құрастыруға қатысу

-          мектеп бойынша кіріктірілген бағдарламаларды жетілдіру және бекітуге ұсыну

-          әдістемелік бірлестікте жинақталған педагогикалық озық  тәжірибелер жайлы материалдар жариялау мәселесі

-          мектеп әкімшілігі алдында әдістемелік бірлестікте белсенділік танытқан мұғалімдерді ынталандыру туралы сұрақ көтеру

-          мұғалімдерге білім жетілдіру жолдарын ұсыну

-          оқу-тәрбие үрдісінде қиындық туғызатын мәселелер бойынша мектеп директоры орынбасарларына жүгіну

-          әдістемелік бірлестіктен «Жыл мүғалімі», «Үздік сынып жетекші», «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» сайыстарына мүғалімдер ұсыну

- аттестациялау мазмұны мен ұйымдастырылуына өз ұсыныстарын енгізу


Диктанттың белгіленген нормасы төмендегідей

Сыныптар

 

Сөздер саны

  1 тоқсан

  2 тоқсан

 

 

 3 тоқсан

 4 тоқсан

Жылдық баға

 

 

Тест (бақылау жұмысы)

Б

1-сынып

15-20

0

0

0

0

0

0

2-сынып

20-25

3

3

3

3

1

1

3-сынып

30-35

4

4

4

4

1

2

4-сынып

40-45

4

4

4

4

1

2

5-сынып

50-55

5

 

5

5

5

1

4

6-сынып

60-65

5

5

5

5

1

4

7-сынып

70-75

5

5

5

5

1

4

8-сынып

80-85

5

5

5

5

1

4

9-сынып

90-95

5

5

5

5

1

4

10-сынып

100-105

5

5

5

5

1

4

11-сынып

105-110

4

4

4

4

1

4

Бағалау нормалары

«5» деген баға: ешбір қатесі болмаса немесе емле,тыныс белгілерінен бір-бірден қате жіберсе;

«4» деген баға: емле және тыныс белгілерінен екі-екіден қате жіберсе;

«3» деген баға: емле мен тыныс белгілерінен 4-5-тен қатесі болса немесе 3 емле, 6 тыныс белгі қатесі болса;

«2» деген баға: емле мен тыныс белгілерінің әрқайсысына 7-ден 10-ға дейін;