Приветствую Вас, Гость
Главная » Біліп ал
Жай сөйлемнің түрлері
Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді.

Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қай ... Читать дальше »
Категория: Біліп ал | Просмотров: 3837 | Добавил: звезда | Дата: 02.05.2012 | Комментарии (0)

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте "халық шығармашылығы”, "халық поэзиясы”, "халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған "фольклор” (ағылшынша lolk — халық, lore — білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді. Бірақ мағыналары бір емес. Мысалы, "халық поэзиясы” дейтін ұғым өлең түрінде айтылатын поэзиялық жанрларды жинақтап атауға лайық болса, "халық шығармашылығы” — халық шығармашылығы мен өнерінің барлық түрлерінің жалпы атауы, "ауызша сөз өнері” — прозалық та, поэзиялық та шығармалардың ортақ ұғымы. Бұларға қоса "халық даналығы”, "халық білімі” деп аударылатын "фольклор” терминінің мән-мағынас ... Читать дальше »

Категория: Біліп ал | Просмотров: 5464 | Добавил: звезда | Дата: 02.05.2012 | Комментарии (0)

1.Сөйлемдегі септік жалғаулы сөзді табыңыз: Отаным өз ұлын ешқашан ұмытпайды.

 Ұлын.

2.Қатаң дауыссыздан басталатын көптік жалғауын көрсетіңіз.

 –тар, -тер.

3.І жақтағы жіктік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.

... Читать дальше »

Категория: Біліп ал | Просмотров: 1636 | Добавил: звезда | Дата: 26.04.2012 | Комментарии (1)