Приветствую Вас, Гость
Главная » 2012 » Апрель » 26 » Оқушыларға арналған көмекші №2
16:28
Оқушыларға арналған көмекші №2

1.Сөйлемдегі септік жалғаулы сөзді табыңыз: Отаным өз ұлын ешқашан ұмытпайды.

 Ұлын.

2.Қатаң дауыссыздан басталатын көптік жалғауын көрсетіңіз.

 –тар, -тер.

3.І жақтағы жіктік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді табыңыз.

 Кітапханашымын.

4.Тәуелденген сөзді табыңыз.

Сіңілім.

5.Жай септеген сөзді табыңыз.

 Алманың.

6.Тәуелді септеуді табыңыз.

 Алматымның.

7.Септік жалғаулы сөзді табыңыз.

 Балықшының.

8.Септелген жалқы зат есімді табыңыз.

 Асанға

9.Сөйлемді толықтырыңыз: Табиғатты қорғау - ... адамның борышы.

 Барлық.

10. «Менің, сенің» жіктеу есімдіктерінің қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

Ілік септік.

11.Сілтеу есімдіктерін көрсетіңіз.

 Мынау, осы.

12.Жалпылау есімдіктерін табыңыз.

 Түгел, барлық.

13.Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан өз елімді сатпаймын!

 Жіктеу, болымсыздық.

14. «Одан, бұдан» есімдіктерінің қай септікте тұрғанын анықтаңыз.

Шығыс септік.

15. Қалау райдың жұрнағын табыңыз.

 -ғы, -гі.

16.ІІІ жақта шартты райда тұрған сөйлемді табыңыз.

 Мектепке барса, баға алады.

17.Сөйлемнің мағынасын толықтыратын сөзді табыңыз:

Менің түстен кейін киноға ...   .

 Барғым келеді.

18.Сөйлемнің мағынасын толықтыратын қосымшаны табыңыз: Сен ертең дүкенге барса... , алма сатып алар едің.

 -ң.

19.Бұйрық райдың ІІІ жағының қосымшасын табыңыз.

 -сын.

20.Ашық райда тұрған етістікті табыңыз.

 Мен дүкенге бардым.

21.Бұйрық райлы етістіктерді табыңыз.

 Барсын, келсін.

22. Ыңғайлас жалғаулығы бар сөйлемді табыңыз.

 Қыста және көктемде күн суық болады.

23. «Бірде, біресе» шылауларының түрін анықтаңыз.

Кезектес жалғаулық.

24. «Себебі, өйткені» шылауларының түрін ажыратыңыз.

 Себеп-салдарлық жалғаулықтар.

25.Қарсылықты жалғаулықтарды табыңыз.

Бірақ, әйтпесе.

26.Берілген сөйлемді  шылаумен толықтырыңыз:

Қыста ...  күзде күн суық болады.

Және.

27. «Әлде, немесе» шылауларының түрін ажыратыңыз.

 Талғаулықты.

28. Бастауышы бар жақты сөйлемді табыңыз.

Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

29.Жақсыз сөйлемді табыңыз.

Менің сабақ оқығым келеді.

30.Толымды сөйлемді табыңыз.

Мен кеше мектепке жақсы досыммен бардым.

31.Атаулы сөйлемді табыңыз.

Көктем. Айнала жап-жасыл.

32.Тек тұрлаулы мүшеден тұратын жай сөйлем түрін табыңыз.

Жалаң.

33.Жайылма сөйлемді табыңыз.

Мен мектепке ертең барамын.

34.Барлық сөйлем мүшелері бар жай сөйлемнің түрін табыңыз.

Толымды.

35.Мағыналары бір-біріне жақын сөздердің атауын табыңыз.

Синоним.

36.Синоним сөздерді табыңыз.

 Әдемі, сұлу.

37.Берілген сөздерден синонимдік қатарды табыңыз:

Жақсы, жаман, әдемі, қара, бас, сұлу, ақ, көркем.

Сұлу, әдемі.

38.Синоним емес қатарды көрсетіңіз.

 Аласа, биік.

39. Синонимдік қатарды табыңыз.

 Адам, кісі.

40. «Қоян жүрек» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

Қорқақ.

41. «Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

 Ұялу.

42. «Ел, күшті» сөздерінің синонимдік қатарын табыңыз.

Халық, мықты.

43.Синонимдік қатарды табыңыз.

Мықты, берік.

44. Буын түрін анықтаңыз.

 Тұйық.

45. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсетіңіз.

 Қасқыр.

46.Буынға бөлінбейтін сөзді анықтаңыз.

 Тарс.

47.Буын жасайтын дыбысты табыңыз.

Дауысты.

48.Бірыңғай ашық буынды сөзді табыңыз.

Секіру.

49.Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықтаңыз.

 Тұйық

50.Ашық буынды күрделі сөзді табыңыз.

 Бүге-шіге


Категория: Біліп ал | Просмотров: 1637 | Добавил: звезда | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Жонсыз bei-bei  
0
YБT-га керек сурактар екен

Имя *:
Email *:
Код *: